"Қағаз ақшадан тігілген шапан". Әнші Нұржан Қалжан туған күніне қандай бағалы сыйлықтар алғанын айтты

"Қағаз ақшадан тігілген шапан". Әнші Нұржан Қалжан туған күніне қандай бағалы сыйлықтар алғанын айтты
Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan

Әнші Нұржан Қалжан қамал алар 40 жасын дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Табайын жолын қалай", "Бұлбұл құсым" атты хит әндердің орындаушысы Нұржан Қалжан қырық жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Ол қымбат мейрамханаға өнердегі барлық әріптестерінің басын қосты. 

Тойдың шымылдығын әнші өз әнімен ашты. 

"Менің қуанышымды бөлісіп келген барлық ағайын-туысқа мың алғыс! Мейрамбек аға бастаған өнердегі ағаларымның тілегі қабыл болсын! 40-қа толып, қамал алып жатырмыз", – дейді әнші.

Сондай-ақ туған күн иесіне ерекше сыйлықтар да келіп жатыр. Бірі қымбат құндыз жағалы тон берсе, екіншісі әншінің аңшылықты жақсы көретінін ескеріп, аңға шығуға арналған жиынтық сыйлады. Ерекше сыйлық, әншінің өзінің айтуынша, миллионер достарынан болыпты. Олар қағаз ақшадан тігілген шапан сыйлаған. 

Өнер иесінің қуанышына өнердегі әріптестерінен Мейрамбек Бесбаев жұбайымен, Майра Ілиясқызы, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Құдайберген Бекіш, Бүркіт пен Аиша, Ұланғасыр Қамиев, Асқар Жүнісбеков, Роза Әлқожа және тағы басқалары келген. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы