Антикор QazaqGaz-да тергеу жүріп жатқанын растады

Антикор QazaqGaz-да тергеу жүріп жатқанын растады
Фото: ktga.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов QazaqGaz-дағы тергеу туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері агенттіктің ресми өкілінен "QazaqGaz басшылары мен қызметкерлері ұсталды" делінген ақпаратқа қатысты сұрақ қойды.

"Бағынышты ұйымдардың қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалану мүмкіндігі дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Тергеу шаралары қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. Қазір бұл іс бойынша ешкім ұсталған жоқ, ешкімге айып тағылмады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды", - деді Арман Тілеукенов.

Жасұлан Ордабаев 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз