Жетісу ауданындағы екі мектептің жанындағы қосалқы нысандар құрылысы 2024 жылы аяқталады

Жетісу ауданындағы екі мектептің жанындағы қосалқы нысандар құрылысы 2024 жылы аяқталады
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін Алматының Жетісу ауданында үш мектепте 800 оқушы орнына қосымша ғимараттар салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

«Құлагер шағын ауданындағы №148 мектепке 300 орынды қосымша құрылыс аяқталды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым нысанды тапсыру процесін жүргізуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында 200 орынды №103 және 300 орынды №112 мектептерге қосымша құрылыс жұмыстары басталды. Осы объектілердің аяқталу мерзімі-2024 жылғы тамыз. Сонымен қатар, тамыз айында № 101 мектепке 312 орындық акт залының қосымша құрылысы аяқталды, ал қараша айының басында № 80 мектепті сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталды», - деді Гүлнара Көкобаева.

Ол сондай-ақ ауданда «Мектеп автобусы» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, оның аясында бес мектептен 1722 оқушыны жайлы автобустармен тасымалдау қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Ал "Айнабұлақ" шағын ауданының мемлекеттік балабақшаларында орын тапшылығын төмендету мақсатында, оның айтуынша, өткен жылдың мамыр айында қолданыстағы құрылысты бұза отырып, 160 орындық жаңа балабақшаның құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда балабақшаның құрылысы аяқталып, нысанды тапсыру процесі жүріп жатыр. Бұдан басқа, Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін Боткин көшесі, 16 үй мекенжай бойынша жастар комьюнити-орталығын іске қосу жоспарлануда.

Алматы қаласы әкімдігі ұсынған материал

Massaget.kz