Астанада 18 жастағы жігіт аялдаманың терезесін сындырып тастаған

Астанада 18 жастағы жігіт аялдаманың терезесін сындырып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға Біржан сал көшесінде белгісіз біреу жылы аялдаманың терезесін сындырып тастағаны туралы хабар түскен. 

Оқиға орнына автопатруль келген. Тексеру жұмыстары барысында 18 жастағы тұрғын үсталған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам 20 АЕК айыппұл немесе 5-15 тәулік аралығына қамауға алынуы мүмкін. 

Жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Құқық бұзушы уақытша ұстау камерасына орналастырылған.

Айта кетейік, астанада жыл басынан бері 100-ден аса вандалзм дерегі тіркелген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!