Ғалымдар жалаңаш ұйықтаудың денсаулыққа пайдасы мен дене бітіміне әсері туралы айтты

Ғалымдар жалаңаш ұйықтаудың денсаулыққа пайдасы мен дене бітіміне әсері туралы айтты
Фото: valuavitaly/Freepik

Кейбір адамдар ұйықтауға арналған киімде, басқалары іш киіммен жатса, тіпті жалаңаш ұйықтауға дағдыланғандар да бар. Сарапшылар жалаңаш ұйықтау неліктен денсаулыққа пайдалы екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дене температурасын бір қалыпта ұстап тұрады. Киім киіп ұйықтау дене температурасының реттелуіне мүмкіндік бермейді, ал бұл өз кезегінде адамның тыныш ұйықтауына кедергі жасайды. Сонымен қатар, дене бірқалыпты температурада стресс гормоны кортизол деңгейін жақсы реттейді.

Дене бітімі үшін пайдалы. 2022 жылы жүргізілген зерттеу жалаңаш ұйықтау зат алмасу жұмысын тездететінін дәлелдеді. Алайда, ол үшін температурасы 21 градустан төмен бөлмеде көрпе жамылмай ұйықтау керек. Төмен температура мен денеңізде киімнің болмауына байланысты дене температураны ұстап тұру үшін көбірек калория жағуына тура келеді.

Денені жағымсыз иістен арылтады. Кейбір аймақтарға арналған ауа ванналары түнде терлеген адамда жағымсыз иістің пайда болу ықтималдығын және саңырауқұлақ инфекцияларының қаупін азайтады.

Шәует сапасын жақсартады. Киімсіз ұйықтау дене температурасынынң төмендеуіне әсер етеді, ал төмен температура шәует өндірісі ынталандырылады.

Жыныстық өмірді жақсартады және өзін бағалау деңгейін арттырады. Киімсіз ұйықтау серіктесіңізбен байланыс сезімін тудыруы мүмкін, ал ол стрессті жеңілдетіп, өзін бағалау деңгейін арттырады. Серіктестердің жалаңаш денесі бір-біріне тиген кезде өзара сүйіспеншілікті арттыратын окситоцин гормоны бөлінеді.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар аяққа шұлық киіп ұйықтаудың пайдасы туралы айтқан еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Түсіңде ғашық болу нені білдіреді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә