Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген

Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында жеке сот орындаушылар қайтыс болған азаматтардан қарыздарын өндіріп келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңға сәйкес құқықтық қатынастар мұрагерлікке жол берсе, сот орындаушысы өндіріп алушы қайтыс болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті (42-бап 1-тармақша). Бұл жағдайда өндіріп алушының құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады", - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, өндіріп алушы немесе борышкер болған азамат қайтыс болғаннан кейін шешімде белгіленген талаптар немесе міндеттер қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспаса, онда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.

Талдау барысында прокуратура мына жағдайларды анықтаған:

- қайтыс болған борышкерлерден алимент өндіріп алу туралы 33 іс тоқтатылған жоқ;

- қайтыс болған 13 алимент өндіріп алушыға қатысты өндіріп алушыны ауыстыру туралы мәселе шешілмеген (оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленгеннен кейін);

- қайтыс болған борышкерлерге қатысты жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар бойынша 264 іс тоқтатылған жоқ;

- мемлекет кірісіне 4,6 миллион теңге өндіріп алу туралы 94 іс тоқтатылған жоқ.

"Заңды сақтамау нәтижесінде қайтыс болған 390-нан аса азамат борышкер борышкер болып қала береді. Осы дерек бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі қаралып жатыр", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова