Үш өңірде 8 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды

Үш өңірде 8 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды
Фото: ҚазАвтоЖол

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күтіп-ұстау жұмыстарына 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылған.

Ақмола облысында:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  • "Жақсы-Есіл-Бұзылық" жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
  • "Жезқазған-Петропавл" күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  • "Екатеринбург-Алматы" тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы.

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • "Жезқазған-Петропавл" күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
  • "Екатеринбург-Алматы" күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық.

Қостанай облысында:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • "Жезқазған-Петропавл" тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина