"3,5 метр тереңдікте". Мейрамхана астынан 10-нан астам адамның бассүйегі табылды

Ресей астанасы Мәскеу қаласының батысындағы 1-Сетунь жолының бойында жүргізілген құрылыс жұмыстары барысында 10-нан астам адамның қаңқасының бөліктері табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"1-Сетунь жолының бойында жүргізілген жоласты құрылымдарын бұзумен байланысты құрылыс жұмыстары барысында бұрын мейрамхана болған жерден 10-нан астам адамның денесінің бөліктері табылды",-деді агенттіктің дереккөзі.

Мәскеу прокуратурасының мәліметтері бойынша, 10 адамның бассүйегі мен 10-нан кем емес бассүйек фрагменттері 3,5 метр тереңдіктен табылды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, дене бөліктерінің жатқанына шамамен 20-30 жыл болған",-делінген қадағалау ведомствосының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тергеушілер тексеріп жатыр. Процессуалдық тексерудің жүргізілу барысы мен нәтижелері Никулин ауданаралық прокуратурасының бақылауында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!