"Бұл - менің кінәм". Әйелдің 16 жастағы үлкен ұлы әріп танымайды, санау білмейді

"Бұл - менің кінәм". Әйелдің 16 жастағы үлкен ұлы әріп танымайды, санау білмейді
Фото: Фотоскрин

39 жастағы Жанар Кенжекебекқызының 16 және 7 жастағы ұлдары әріп танымайды, санау білмейді. Бұл туралы анасы "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Невропотолог маман Айдананың айтуынша, балаға кешенді түрде көмек керек.

"16 жастағы бала мүлдем сан танымайды. Баланы дамыту процестерінде кешеуілдеу бар. Анасы мүлде көңіл бөлмеген. Баланы 3 жастан асқан түрлі мамандарға апарып, қарату керек еді. Баланың әріптерді айтуға толық тілі келмейді. Сөзі мүлдем түсініксіз. 4-6 жастағы баланың даму процесі жоқ. Кешенді түрде көмек керек", - деді невропотолог маман.

Анасы бұл өзінің кінәсі екенін мойындады.

"Балаларымды өзім қарадым. Оларға жақсы көңіл бөлемін. Пәтер жалдап тұрамыз. Жолдасымның айлығына қарап отырғасын керемет қыдырамын деп айта алмаймын. Бұл - менің кінәм. Балама сабақ үйретемін. Бірақ қазір айтсам, қазір ұмытып қалады", - деді ол.

Бағдарлама соңында невропотолог және психолог мамандар балалармен бірге кешенді жұмыс жасайтынын айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы