"Байдың әйелі ғой". Блогер Дархан Жолшыбеков келіншегінің туған күніне ерекше сый жасады

"Байдың әйелі ғой". Блогер Дархан Жолшыбеков келіншегінің туған күніне ерекше сый жасады
Фото: Фотоскрин

Блогер Дархан Жолшыбек келіншегі Darikorn-ның туған күніне ерекше сый жасады. Оған 10 млн теңгеге туған күн кешін жасап, 5 млн теңге тұратын сағат пен қымбат телефон сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Revue news" арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өзі алғысы кеп жүрген сағатты тосын сый етіп берген.

"Туған күніне сыйлаған сыйлықтарымның бағасы 8 млн теңгеге шықты. Соның ішінде сағат қымбат болды ғой. Ал қалған 1001 розаның бағасы аса қымбат емес. Бір ай бұрын өзі осы сағатты жіберіп, "алайын ба?" деп сұраған. Бірақ "қымбат екен" деді де, ол әңгіме ұмытылып кеткен еді. Сосын тосын сый жасап алып бердім. Сағаттың құны - 5 млн 800 мың теңге", - деді ол.

Ерекше кеш үшін блогер 10 млн теңге жұмсаған.

"Ал ерекше кешті ұйымдастыруға 10 млн теңгедей қаражат жұмсадым. Балмаскарад образында киініп келуді тапсырдық. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін арнайы бетпердені де алдырттым", - деді блогер.

Блогердің досы Baha puper туған күн иесіне қандай сыйлық беретінін айтты.

"Дариға сыйлықтармен таңғалдыра алмаймыз. Байдың қатыны ғой. Ақшалай сыйлық беремін, - деді досы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы