Алматы облысында 11 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсаған

Алматы облысында 11 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

18 қарашада Жамбыл ауданының Полиция басқармасына Ұзынағаш ауылында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Жамбыл ауданының полициясында тіркелді", - делінген хабарламада.

Қазір түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сараптама тағайындалып, қажет тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!