Министр сапасыз интернет мәселесіне тап болмағанын айтты

Министр сапасыз интернет мәселесіне тап болмағанын айтты
Фото: © elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сапасыз интернет мәселесіне тап болмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист "Бағдат Батырбекұлы, сіз қандай ұялы байланыс операторын пайдаланасыз? Сізде интернет пен ұялы байланс қызметі дұрыс істемей қалатын жағдай жиі бола ма?" деп министрге сұрақ қойды.

Бағдат Мусин мұндай мәселе жоғын, қызметкерлері жағдайды бақылауда ұстайтынын атап өтті.

"Мен 2 ұялы байланыс операторын қолданамын. 2 SIM-картам бар. Біріншіден, бұл тексеріс жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы. Екіншіден, мен көбіне жұмыста боламын. Сондай-ақ, үйде де боламын. Онда wi-fi да бар. Сондықтан жалпы мұндай үлкен проблемаға тап болмаймын. Бірақ ондай мәселе болғанда, тиісті өтініштерді біздің радио мониторинг жүргізетін мекемеге жүгінемін. Сол мекемені жіберемін. Олар сол жердегі ақауды өлшеп, сол өлшем бойынша (ұялы байланыс операторына - еск.) айыппұл cалады. Сондай-ақ, олар операторлармен сол жердегі сапасыз интертет мәселесін шешу бойынша жұмыс істейді", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Бағдат Мусин негізсіз анықтама сұрайтындарды жауапқа тартуды сұрағаны хабарланды.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz