"Уақыты келгенде айтамын". Төреғали Төреәлінің әйелі парақшаны жүргізуге қатысты жарының ойымен бөлісті

"Уақыты келгенде айтамын". Төреғали Төреәлінің әйелі парақшаны жүргізуге қатысты жарының ойымен бөлісті
Фото: Желіден

Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жары туралы жазды. Оның айтуынша, желіні тұрақты жүргізуге жолдасы алғашында қарсы болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің жары бұған дейін әншіден осы туралы бірнеше рет сұраған.

"Инстаграм желісінде парақшамның ашылғанын Төрем қалаған еді. Бірақ сол уақытқа дейін бірнеше рет сұрағам. "Тыныш отыр, уақыты келгенде айтам" дейтін. Бәрін еріңізге Алла сездіріп отырады негізі. Қай кезде ненің қажет екенін ер адам сезеді" деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы