Павлодарда екі жүкті әйел жол апатына түсті

Павлодарда жол апатынан зардап шеккен екі жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды. Әйелдердің біріне кесарь тілігі жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің 37-аптасында жүрген 37 жастағы павлодарлық жабық бас ми жарақатын алған. Жаңа туған нәресте перинаталдық орталықта жатыр.

Зардап шеккен екінші әйел жүктіліктің сегізінші аптасында жүрген. Оның басының жұмсақ тіндері көгерген. Ол амбулаториялық бақылауда.

Еске салайық, бірінші оқиға 18 қарашада Қамзин мен Ломов көшелерінің қиылысында болған. Онда шағын автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан.

Екінші әйел 19 қарашада зардап шекті. Жол апаты Сұрағанов пен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!