"Имам болған кісі ғой". Блогер екі баласы ауыр дертке шалдыққан отбасыға өз қаражатынан үй сыйлады

Фото: Видеоскрин

Блогер Аида Серікова Ақтөбе қаласынан екі баласы дертке шалдыққан отбасыға 100 шаршы метр үй мен 10 сотық жер сыйлады. Олардың айтуынша, бұл үйді өз қаражатына сатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер жолдасы Болат екеуі қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от привет, я Аида✨ (@aidaserikova25)

"Алла ұлық! Ешқандай сборсыз, біздің себепкерлігімізбен бір отбасы үйлі болып жатыр. Аға, үйіңіз құтты болсын!", - деді ол.

Желі қолданушылары жұптың бұл әрекетіне риза болып, алғыстарын білдірді.

"Темір қаласында имам болған кісі ғой", "екінің бірінің қолынан келмейтін іс", "өте жақсы адамдар екені көрініп тұр", "керемет әдемі үй", "Ақтөбеде үй арзан екен" деп жазды желі қолданушылары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы