"Ақша ұрлап, қашып кеттім". Танымал актер өнер жолына қалай келгенін айтты

 "Ақша ұрлап, қашып кеттім". Танымал актер өнер жолына қалай келгенін айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал актер Сафуан Шаймерденов оқуға қалай түскені туралы "Өмір ғажап" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, арманына жету үшін қашып кетуден басқа амал қалмаған.

"Мектеп бітірген соң оқуға бара алмайтындай жағдай болып қалды. Ал оқуға түспесем әскерге алып кететін еді. Арманым актер болу. Әскерге барып, босқа уақыт өткіземін бе деп ойладым. Түлектер кешінен соң Алматыға қашуды жоспарладым. Түнімен керек-жарақ заттарды жинадым. Ағамның туфлиін, жеңгемнің тыққан ақшаларын ұрладым. Сөйтіп, үйдегілер ұйықтап жатқанда Алматыға қашып кеттім. Жаман болған жоқпын", - деді актер.

Актер балалармен санасып, болашақ мамандығына қарай баулу керегін айтты.

"Баланы өз таңдауына қарай ыңғайлау керек. Сенің "бол" дегеніңді ешкім тыңдамайды. Баланың өзінің таңдауын тыңдаған дұрыс. Қазіргі балалар өз мүмкіндігін біледі", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы