Қазақстанның бас футбол аренасы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Қазақстанның бас футбол аренасы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
Фото: Tengrinews.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек "Астана Арена" футбол стадионының қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

"Астана Арена", "Алау" спорт кешені мен ипподром түрлі жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстарын желтоқсан айында бастаймыз. Оны маусым айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Өйткені келесі жылы қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланып отыр, сондықтан біз спорт инфрақұрылымын белсенді түрде дайындап жатырмыз", - деді әкім астаналық кәсіпкерлермен кездесуде.

Қасымбектің айтуынша, мердігер әлі анықталмаған, жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарының құны да белгісіз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан