Дәрігер ұйықтар алдында бір қасық бал жеп жатудың пайдасын айтты

Дәрігер ұйықтар алдында бір қасық бал жеп жатудың пайдасын айтты
Фото: Freepik.com

Гранада университетінің ғалымдары ұйықтар алдында бір қасық бал жеп жатудың пайдасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі MedNovelty-ге сілтеме жасап.

Мамандар ұйқының қанбауынан зардап шегетін 700 адамға эксперимент жүргізген. Олар үш ай бойы ұйықтар алдында жылы суға бір ас қасық бал араластырып ішкен. Нәтижесінде 650 адамның ұйқысы әлдеқайда тынылталған. Қалған 50 адам артық салмақ қосудың алдын алу үшін балды көп тұтынбаған.

Мамандардың айтуынша, адам түнде бүйрек үсті бездерін адреналин мен кортизолды ағзадан шығаруға ынталандыратын полисахарид гликогеннің жетіспеушілігінен оянады. Ал балдың құрамында гликоген көп.

Сондай-ақ, бал қан қысымын төмендететіндіктен, күніне бір қасық бал жеу гипертонияға шалдыққан науқастар үшін де өте пайдалы. Оған қоса, бұл өнім қанды токсиндер мен қажетсіз майлардан тазартуға қабілетті.

Айта кетейік, бұған дейін күнде бал қосылған су ішсеңіз не болатыны хабарланған болатын. Бал қосылған су иммунитетті қатайтып, энергияны арттырады, тамақ пен тері саулығына оң әсер етіп, асқорытуды жақсартады. 

Бал қосылған су ішетін кезде ескеру керек жайттар:

  • Сапалы бал таңдаңыз. Сіз қолданып жүрген бал сапалы екеніне көз жеткізіңіз. Оны сенімді жеткізушілерден алыңыз.
  • Мөлшермен қолданыңыз. Бал калориялы өнім, оны көп мөлшерде қолдану артық салмаққа әкелуі мүмкін.
  • Оны 1 жасқа дейінгі балаларға бермеңіз. Бал аллерген өнім болғандықтан, оны 1 жасқа дейінгі балаларға бермеу ұсынылады. Ал 1 жастан асқан баланың рационына бал қосылған су қосқыңыз келсе, оны педиатрмен ақылдасыңыз және балды рационға қалай қосу керегі жайлы кеңес алыңыз.
  • Бал аллергенді өнімге жатады. Сол үшін алдымен оған аллергияңыз жоқ екеніне сенімді болыңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Күнде фастфуд жесе не болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә