"Әлі күнге дейін төзіп келе жатыр". Актер Рамазан Амантай алғаш рет анасы туралы айтты

"Әлі күнге дейін төзіп келе жатыр". Актер Рамазан Амантай алғаш рет анасы туралы айтты
Фото: Фотоскрин

Танымал актер Рамазан Амантай "Динамен дұрыс" бағдарламасында анасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол анасы әнші Айгүл Елшібаева, Қарақат Әбілдинаның группаласы екенін айтты.

"Анам көп нәрсеге көз жұмды. Әлі күнге дейін төзіп келе жатыр. Аллаға шүкір, анам өзі армандағандай өмірін сүріп жатыр. Анамның біз үшін жасаған құрбандықтары, өзінің карьерасынан бас тартуы, айтқысы келген сөзді айта алмауы есіме түседі. Ол "әттеген-ай" деп айтып көрген емес. Мүмкін, іштен тынатын шығар. Әкем анамның карьерасының жалғасуын қаламады", - деді актер.

Актер ата-анасына алғысы шексіз екенін айтты.

"Өнер жолына келемін дегенде ата-анам мені қатты қолдады. Сол үшін екеуіне де алғыс айтамын", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы