"Математикадан нашар болдық". Асқар Жұмаділдаевқа кәсіпкер телефон сыйлады

"Математикадан нашар болдық". Асқар Жұмаділдаевқа кәсіпкер телефон сыйлады
Фото: Фотоскрин

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, ғалым Асқар Жұмаділдаевқа кәсіпкер "Алғашқы" бағдарламасында телефон сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеке кәсіпкер Айбек Ақаев бағдарлама барысында ғалымға шын жүректен лебізін білдіріп, сыйлығын табыстады.

"Мектепте математикадан нашар болдық. Мұғалімім сізді мақтайтын. Ақын-жазушыларды білмесек те, сізді біліп өстік. Сол үшін "сіз келеді" деген соң нөмірімен телефон сыйға тартқым келді", - деді ол.

Асқар Жұмаділдаев сыйлығына алғыс айтты.

"Керек адам өзі тауып алады. Мен еш жаққа асықпаймын. Сыйлығыңа рахмет, бауырым! Маған мұндай сыйлайтындар көп. Бірақ ертең жеңгең ұстап жүрсе, ренжіме. Бұл - негізі мықты нәрсе. Бірақ миым ашып кетеді.  Сонда да ұстап көрейін. Өркенің өссін!", - деп алғысын білдірді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы