"Бәрін бақылауында ұстайды". Шымкенттік қалыңдықтың видеосы желіде қызу талқыланды

Фото: Видеоскрин

Желіде жарияланған 7 қазанда Шымкентте өткен ұзату тойындағы бейнежазба көпшіліктің арасында қызу талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

"Пов: Шымкенттік әйел алған кезде" деген жазуы бар видео 3 миллионға жуық қаралым жинаған. Бейнежазбадағы басты кейіпкер - Шымкенттегі медицина академиясының студенті, 20 жастағы Камила Демеу.

Ол Tengri Life тілшісіне тойды ата-анасымен бірге ұйымдастырғанын және іс-шараның әрбір егжей-тегжейін қадағалағанын айтты.

♬ Мага - Тимати

"Той барысында жастарға би үшін ұзақ уақыт бойы музыка қойылмағанын түсініп, ұйымдастырушыға би бағдарламасын қосу уақыты келгенін ым-ишарамен көрсеттім. Жалпы ұйымдастырушылық сәттердің бәріне мұқият қараймын. Себебі әр қонақ дәл осы тойдан керемет әсер алуы керек. Сол үшін барлығы бақылауда болғанын қалады. Видеограф дәл осы күлкілі сәтті түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан. Үйде тойдағы видеоны көріп отырып,  осы кадрды өзім де түсіріп алдым. Сосын дұрыс дыбыстап алып, оны желіге тараттым", - дейді Камила.

Бейнежазба жүздеген пікірлер жинаған. Желі қолданушылары қалжыңдап, әрі қызды құттықтап, өз естеліктерімен де бөліскен.

"Шымкенттік кез-келген істі шешеді","қандай әдемі", "өте сүйкімді", "Қостанайлыққа көбірек ұқсайды, "тез қимылда деп жатыр", "мен оның не айтқысы келгенін түсінбедім", - деп жазды желі қолданушылары.

"Әлеуметтік желідегілердің 99,9 пайызы мені қолдады. Олар шымкенттіктердің қонақтарға қалай ұқыптылықпен қарайтыны, әр процесті бақылайтыны туралы пікір жазды", - деп атап өтті қалыңдық.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы