Қарағанды облысында ондаған ғимарат шатырсыз қалды

Қарағанды облысында ондаған ғимарат шатырсыз қалды
Фото: Хабар 24

Қарағанды облысында 8 әкімшілік ғимарат, бір көппәтерлі тұрғын үй және бір жеке тұрғын үй шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Өңірде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен. Казір жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Бірқатар ауылда жарық сөнген.

"Облыс орталығында ағаштардың құлауы бойынша 50 ақпарат келіп түсті.​ Оның ішінде 4 жағдайда ағаштар көлікке құлады. 3 жағдай Қарағанды қаласында, біреуі Теміртауда. 19-шы қарашада облыста қар, тұман және көк тайғақ күтіледі. Осыған байланысты ТЖ департаменті облыстың барлық тұрғындарына жел күшейген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және аса қажетсіз көшеге шықпауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді", - дейді облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина