Астанада дүкеннен шоколад ұрлаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды

Астанадағы дүкеннен шоколад қораптарын ұрлаған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жігіт шоколадтың 20 қорабын бір-ақ ұрлаған. Қазіргі уақытта Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы астаналық тұрғынды анықтады. Республика даңғылында орналасқан супермаркеттің сауда алаңында тұрған витринадан алған шоколадтың құны 44 мың теңге.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол мойындау көрсетпелерін берді.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оның астанада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция департаменті дүкен иелеріне қырағы болуды және дүкендерді ұрлаудан қорғау үшін кешенді шараларды жүзеге асыруды назарға алуды ұсынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!