Ақтөбе облысында жоғалып кеткен қыздар Хромтаудан табылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен қыздар Хромтаудан табылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен қыздар Хромтаудан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған әпкелі-сіңілі қыздарды Хромтау қаласынан тапты.

Қыздар полиция бөліміне жеткізіліп, олардың әжесі шақырылды.

Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды іздеуде көмек көрсеткен еріктілер мен барлық оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғысын білдіреді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина