Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды - ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады. 

Өткен түнде мамандар 500 куб метр құм-тұз қоспасын пайдаланды.

Естеріңізге сала кетейік, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыстанды.

Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!