Ақтөбе облысында жоғалып кеткен оқушы қыздар ағасының үйінен табылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен оқушы қыздар ағасының үйінен табылды
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған 8 және 9 сынып оқушылары ағасының үйінен табылды. Олардың Хромтау ауданына қалай жеткені тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар апалы-сіңлілі оқушыларды Хромтау қаласынан тапқан.

"Қыздар полиция бөліміне жеткізілді. Полиция бөліміне оқушылардың әжесі шақырылды. Олардың үйден кетіп қалу себебі анықталады. Облыстық полиция департаменті еріктілер мен көмектескен адамдарға алғыс айтады",- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды іздеуде көмек көрсеткен еріктілер мен барлық оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғысын білдіреді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы