Бір апта ішінде қан қысымын түсіруге көмектесуі мүмкін қарапайым әдіс аталды

Натрийі деңгейі төмен болатын диета бір апта ішінде қан қысымын түсіруге көмектесуі мүмкін. Бұл туралы Jama медициналық журналында жарияланған америкалық ғалымдардың зерттеуінде айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Натрий деңгейі төмен диета натрий деңгейі жоғары диетамен салыстырғанда, қан қысымының орта есеппен сегіз миллиметр сынап бағанасына төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін", - делінген материалда.

Зерттеу 50 мен 75 жас аралығындағы 213 адам арасында жүргізіліпті. Респонденттер екі апталық диета курсынан өткен. Олардың бір бөлігі күнделікті натрий мөлшерін 2200 миллиграмға жоғарылатса, ал бір бөлігі керісінше натрийді тұтыну мөлшерін күніне 500 миллиграмға дейін азайтқан.

Айта кетейік, натрий - тұз, ас содасы және натрий глутаматының құрамына кіретін химиялық элемент. Ол тамақ дайындауда үнемі қолданылатын, тағамды сақтау, ылғалды сақтау және тағамның дәмін жақсарту үшін қажет ингредиенттер құрамында болады.

Еске салайық, бұған дейін қан қысымының төмен болуының себебі туралы жазылды.

Бастың ауыра беруі, созылмалы шаршаңқылық, жалпы әлсіздік – бұлардың барлығы төмен артериялық қысымның белгілері болуы мүмкін. Әдетте адамдар ағзаның кей белгілеріне аса мән бермей, оларды өзінің шаршап жүргенінен, ұйқысы қанбағанынан және басқа да нәрселерден көреді. Алайда төмен қан қысымы - өз ағзаңыздың жұмысына мән беруге себеп. Оның салдары қауіпті ауруларға әкелуі әбден мүмкін. Сондықтан оның себептерін анықтап, олардан арылуға тырысу керек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!