"Сабыр сақтауларыңызды сұраймын". Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жолдады

"Сабыр сақтауларыңызды сұраймын". Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жолдады
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдап, сабыр сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыс әкімі бұл туралы әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

"Желдің қатты екпініне байланысты (20 метр/секундтан астам) мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуларыңызды сұраймын. Облыс бойынша ғимараттардан шатырлардың ұшып кетіп, электр қуатының өшіп қалды, сондай-ақ ағаштар құлады. Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біз барлық жұмысты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргіземіз. Сабыр сақтауларыңызды сұраймын", - деп жазды әкім.

Айта кетейік, қазіргі таңда ТЖД штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр. Байланыс нөмірі: + 7 7182 32 36 92 және 112, сонымен қатар 109 нөміріне хабарласуға болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы