"Кітап оқыған сияқтымын". Жайлаудан көшкен сәт көрінетін видео Қазнетті сүйсінтті

TikTok-та Арайлым Диханбай есімді желі қолданушысы қыркүйекте жайлаудан қыстауға көшкен сәтті көрсететін видео жариялады. Жанға жылулық сыйлар ауыл көрінісі Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодағы ақпаратқа сүйенсек, бұл - Алматы облысындағы жайлау. Ал видеоның өзі 1 миллион 400 мың қаралым жинапты.

"Жайлаудан көшкен сәт", - деп жазған видео авторы.

@arailymdikhanbay

Жайлаудан көшкен сәт?

♬ оригинальный звук - arailymdikhanbay

Кадрларда олардың киіз үйді жыққаны, табиғат көрінісі, малды көшірген сәт көрінеді.

Желі қолданушылары кең даланың көркем көрінісіне, видеодағы қыздың сөз саптауына таңғалды.

"Сөз байлығын айтсашы", "Кітап оқыған сияқтымын", "Кейде қаланы тастап осындай табиғатқа кеткім келеді", "Кітап оқып отырғандай", "Осындай вайб керемет қой", "Қандай тамаша", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!