Күн сайын көк шай ішсе, қандай пайдасы болуы мүмкін?

Көк шай - ең танымал сусындардың бірі әрі ол көп жағдайда пайдалы саналады. Сарапшылар күн сайын көк шай ішсе не болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Терінің жағдайы жақсарады

Ғалымдардың тұжырымдарына сәйкес көк шай құрамындағы полифенолдар теріні ультракүлгін сәулеленуден, яғни меланома қатерлі ісігі мен меланома емес қатерлі ісіктен қорғауға көмектеседі.
Сонымен қатар, сусын терінің кейбір мәселелерін шешуге көмектеседі. Көк шай ішкен кезде адамда бөртпелер, қара нүктелер азаяды.

Қатерлі ісік қаупі төмендейді

Көк шай мен қатерлі ісік туралы 5000-нан аса зерттеулер, соның ішінде клиникалық сынақтар, популяцияға негізделген зерттеулер және лабораториялық зерттеулер жарияланды. Ғалымдар сусынның құрамындағы полифенолдар мен басқа биологиялық белсенді қосылыстар мына аурулардың алдын алатынын дәлелдеді:

сүт безі обыры;
колоректальды қатерлі ісік;
бауыр ісігі;
аналық без қатерлі ісігі;
қуық асты безінің қатерлі ісігі;
ауыз қуысының қатерлі ісігі;
тері қатерлі ісігі.

Ми тезірек жұмыс істейді

Journal of Medicinal Food журналында жарияланған клиникалық зерттеуде көк шай сығындысы бар қоспаны күнделікті қабылдаған қатысушылар когнитивті функциясы жақсарғанын айтқан.

Қант диабетіне қарсы көмектеседі

Көк шай қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектеседі, осылайша, екінші типтегі қант диабетінің дамуына жол бермейді.

Жүрек саулығы жақсарады

"Сусынның құрамындағы полифенолды катехиндер "жақсы" холестерин деңгейін жоғарылатады, бұл жүрек-қан тамырлары жүйесінің негізгі көмекшілерінің бірі саналады", - дейді дұрыс тамақтану жөніндегі сарапшы Лисси Лакатос.

Жапон ғалымдарының зерттеу нәтижелері күніне бес кеседен аса көк шай ішу инфаркттан немесе инсульттан болатын өлім қаупін 26 пайызға төмендететінін көрсеткен екен.

Мазасыздыққа қарсы күреседі

"Көк шай құрамында белгілі бір іске назар аударуға көмектесетін L-теанин аминқышқылы бар. Бұл кофенің орнын алмастырушы", - дейді диетолог Сара Кошик.

Еске салайық, бұған дейін көк шай мен қара шай туралы жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!