"Анасына ермей үйде қалған". Павлодарда қыр далада жеті жасар қыз жоғалды

Павлодар облысында жеті жасар қыз жоғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Құтқарушылар, еріктілер, полицейлер баланы қырдан іздеп жатыр.

"Vita" іздеу ұйымының мәліметінше, 17 қарашада сағат 21:14-те төтенше жағдайлар бөліміне Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында қыр далада бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Жеті жасар Милана Давыдова Бесқауға ауылдық мектебінің үшінші сыныбында оқиды. Еріктілердің айтуынша, сол күні сағат 16:00-де қыздың анасы басқа балаларымен бірге оны әкесінің жұмысына ертіп алмақ болған. Алайда Милана бас тартып, үйде қалып қойған.

Болжам бойынша жоғалған қызды сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Бесқауғадан 1,5 шақырым жерде орналасқан №2 бөлімшенің қасында байқағандар болған. Ол жерде жеті үй бар.

"Кеше шұғыл түрде іздестіру шаралары ұйымдастырылды: қыз баланы іздеуге ТЖД, құқық қорғау органдары, жергілікті тұрғындар және жасақтың еріктілері шықты", - делінген хабарламада.

Еріктілер қандай да бір ақпарат болған жағдайда мына нөмірге хабарласуды сұрайды: 8 (747) 615 55 63 Катерина, 8 (705) 722 45 83 Мика.

Милана сары күртеше киіп шыққан, шашы ақшыл сары түсті.

Pavlodarnews.kz

Еске салайық, бұған Атырауда із-түзсіз жоғалған қыз табылғаны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!