Шымкентте заңсыз діни дәріс өткізген әйел жауапқа тартылды

Шымкентте заңсыз діни дәріс өткізген әйел жауапқа тартылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте заңсыз діни дәріс өткізген әйел жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі   otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Әйел діни ілімі мен заңды лицензиясы жоғына қарамастан, мегаполистегі оқу орталықтарының бірінде дәріс берумен айналысқан.
 
Тәртіп сақшылары бұл жайтқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық әңгіме жүргізді.

Сот шешімімен заңбұзушыға 40 АЕК көлемінде, яғни 138 000 теңге айыппұл салынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова