Ақтөбе облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды

Ақтөбе облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүк көлігі мен жеңіл автокөліктің соқтығысуынан екі адам қаза болды. 

17 қарашада сағат 15.15 шамасында Ақтөбе қаласындағы "Оңтүстік айналма жол" автожолында ауыр зардапты жол-көлік оқиғасы болды.

"Daewoo Nexia" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған "DAF" жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.

Жол - көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушылары - 49 жастағы ер адам және 47 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!