Маймыл ер адамды кепілге алған - дереккөз

Маймыл ер адамды кепілге алған - дереккөз
Фото: видеодан алынған кадр

Мәскеудегі көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары отбасылық жанжалдан кейін құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған. Алайда тәртіп сақшыларына адамды емес, олардың экзотикалық үй жануарын "тәртіпке шақыру" қажет болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Фонтанка.ру" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, отбасылық жанжалдың салдарынан үйдегі маймыл адамдарға шабуыл жасай бастаған. Осыдан кейін өрт сөндіру есебі оқиға болған жерге жіберіліпті.

Маймылды ұстау қиын болған. Ол адамның мойнына мініп алып, оған ешкімді жақындатпаған. Олар қулықпен әрекет еткен. Полиция қызметкері маймылды тәттілермен алаңдатып жатқанда, жақындап, оны ұстап алыпты.

Маймыл өтініш берушілердің туысын аздап тістеп алған. Оған сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова