Жетісу облысында өтіп бара жатқан екі адамға қарумен шабуыл жасалған

Жетісу облысында өтіп бара жатқан екі адамға қарумен шабуыл жасалған
Фото: pexels.com

Жетісу облысында өтіп бара жатқан екі адамға қарумен шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

14 қарашада кешке Талдықорған полициясына екі жергілікті тұрғын жүгінді, олардың бірі кәмелетке толмаған. Өз арызында жастар 179 000 теңгені пышақпен қорқытып иемденген белгісіз топ тарапынан қарақшылық шабуылға ұшырағанын хабарлады.

Қылмыстық іздестіру қызметкерлері кезекші тәулік ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстап, қалалық полицияға жеткізді.

"Күдіктілер Мерседес көлігімен жүрген. Автокөлік бейнебақылау камералары арқылы табылды. Қазір күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Автокөлік алынып, арнайы тұраққа қойылды. Ұрланған қаражаттың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды", - деп хабарлады Талдықорған қаласының ПБ басқармасы өкілдері.

Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігінің 1,4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі (қарақшылық).

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина