"Ұлы қадамдарды паш етпесек ұят болады". Экс-депутат Бекболат Тілеухан Назарбаев туралы ойын айтты

Экс-депутат, Бүкіләлемдік этно-спорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Назарбаевтың 30 жыл басқар кезінде қаншама депутат, министр болды. Соның астауынан жем жеген адамдар болды, соның қолымен кәдімгі мансапқа жеткен адамдар болды. Солардан ешкім шықпағанда, ар жағында менің ойым ғой, "мына қазаққа не болған, 30 жылдың ішінде қорғайтын бір адам табылмады ма?" деген сөз болмасын деген оймен шықтым, әйтпесе менің саясатқа түк қатысым жоқ. Өтірік айтқан жоқпын. Назарбаевтың саяси тұлғасы, сыртқы саясатқа жасаған дүниесін Қазақстаннан басқа ешкім істеген жоқ. Ұлы қадамның барлығын паш етпесек ұят болады. Мен сол үшін шықтым. Ал енді басқа айтып жатқандар "7 сыныптық білім алды" деп жала жапты. Қиянат жасады, олай қиянат жасауға болмайды", - дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоғанмен қалай танысқанын айтқан еді.

"Мен ұлттық спортты басқарып отырдым, ол Түркиядағы ұлттық спортты басқарды. Кейін конфедерация ашылды, EXPO-ның қарсаңында Біләл Ердоғанды Қазақстанға шақырдым, сол кезде келді. Біздегі ұлттық спорттың дасуына тәнті болды. Көзін жұмып, аузын ашты. Біздегі жүйеге, мемлекеттің қамқорлығына. Сонымен сөзіміз, әңгімеміз жарасты. Ердоған сияқты тұлғаның ұлы бола тұра, сонша қарапайым. Ағайындылар сияқты болып кеттік. Кейін Түркияға емделіп келемін дегенде өзіне шақырды. Жасым үлкен, кейбір жерлерден тәжірибемді бағалаған шығар, жұмысқа шақырған кезде қуана-қуана келістім", - деген еді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!