Ақсуда оқушы қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген тұрғын ұсталды

Ақсуда оқушы қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген тұрғын ұсталды
Фото: psy.su

Ақсуда оқушы қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген тұрғын ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде 26 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызбен интимді байланысқа түсуге мәжбүрлегені туралы ақпарат пайда болды. Ақсу қаласының білім беру бөлімі аталған фактіні растап, егжей-тегжейді баяндады. 

"Жәбірленушінің анасының өтініші негізінде 26 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды. Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желіде танысқаны белгілі болды", - деді білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан