Астанада "ӨКМ Операторының" экс-басшысына сот үкімі шықты

Астанада "ӨКМ Операторының" бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Судья Ибрагим Әлкенов Шынар Мұқтароваға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертіп, сот отырысы залынан босату туралы қаулы шығарды.

"Сот Мұқтарова Шынарды ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқара алмайды", - деді судья Ибрагим Әлкенов.

Сотталған адам пробациялық бақылауға алынады және уәкілетті органға хабарламай, тұрғылықты жері мен жұмысын өзгерте алмайды.

Мұқтарова 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұзып, оған дивиденд түрінде заңсыз төленген 920 миллион теңге көлеміндегі утилизациялық төлемінен алынған қаражатты заңсыз иемденген деген күдікке ілінді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!