Есту қабілетіңіздің нашарламауы үшін не істеу керек?

Есту қабілетіңіздің нашарламауы үшін не істеу керек?
Фото: Freepik.com

Жыл өткен сайын нашар еститініңізді байқап жүрсіз бе? Шамадан тыс шу жүктемесі, уақытылы емделмеген құлақтың әртүрлі ауруы секілді бірқатар фактор есту қабілетінің нашарлауына себеп болады. Оның алдын алу үшін не істеу керек? Анықтап көрейік.

Мамандар мәліметінше, есту қабілетінің нашарлауына атеросклероз, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары патологиясы және жұқпалы аурулар себеп болуы мүмкін.

Ең қауіптісі іріңді отит салдарынан пайда болатын құлақ қалқанының жарылуы. Ал кейбір дәрі-дәрмектер есту қабілетіне теріс әсер етеді. Тіпті қарапайым құлақты тазалаудың өзі мембрананың қатты зақымдалуына әкелу қаупі бар.

Сонымен қатар, құлақты гипотермиядан, яғни суықтап қалудан қорғау керек, себебі бұл қабынуды тудырады. Сондай-ақ, құлаққап арқылы әуенді қатты дауыста тыңдамаған абзал. 

Құлақты міндетті түрде тазалап тұру қажет. Бірақ мұны мүмкіндігінше мұқият жасаңыз!

Есту қабілетін қорғау үшін:

  • Әуенді тым қатты дауыста тыңдамаңыз. Сондай-ақ, атыс дыбыстары секілді дауыстардан аулақ болу керек;
  • Құлаққапты жиі және ұзақ уақыт пайдаланудың қажеті жоқ. Дыбыс деңгейі рұқсат етілген шектен аспауы керек;
  • Құлағыңызды ақырын тазалаңыз;
  • Тамақ пен мұрын ауруларын уақытылы емдеңіз. Инфекция жұтқыншақтан құлақ арнасына ағып кетуі мүмкін, салдарынан отит пайда болып, есту қабілеті нашарлайды;
  • Дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қабылдаңыз. Бұл әсіресе антибиотиктерге қатысты;
  • Дұрыс тамақтаныңыз: диета теңдестірілген, пайдалы дәрумен мен элементтермен қаныққан болуы керек;
  • Құлағыңызға су кіріп кетпеуін қадағалаңыз.

Айта кетейік, бұған дейін есту қабілетіңізге зиян келтіретін 4 әдет хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Графикалық ақпарат векторлық әдіспен қалай бейнеленеді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә