Алматыда студенттер күнінде қандай жеңілдіктер жасалады?

Алматыда студенттер күнін тойлау аясында жастарға бірқатар жеңілдік ұсынылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 қарашада сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін "Медеу" биік тау мұз айдыны қала студенттеріне коньки тебуге тегін кіруге мүмкіндік береді (студенттік билетті ұсынған кезде - еск.).
  • Дүкендер, дәмханалар, мейрамханалар мен кинотеатрлар жастарға жеңілдетілген баға ұсынады.
  • 17 қарашада SaparLa Travel студенттерге 10 пайыз жеңілдік береді.
  • "Нұрлы Саз" домбыра курстарын 50 пайыз жеңілдікпен сатып алуға болады.
  • "Kulshe qyz"-да тәттілер мен торттар 30 пайыз, "Отбасы Хрестоматиясы" кітаптар 20 пайыз, Tagam асханасы мен "Тамшы" кафесінде 15 пайыз, "Бауырдақ" qazaq fastfood 30 пайыз, "KELIN" кафесі 15 пайыз жеңілдік ұсынады.
  • Мемлекеттік орталық мұражайға кіру тегін.
  • "Көк Төбеге" аспалы жол 20 пайыз жеңілдікпен ұсынылады.

Kinopark & Kinoplexx кинотеатрлар желісі 17 қарашада таңертеңнен түнгі 24:00-ге дейін мегаполистің барлық студентіне "Бесбармақ" комедиясына 500 теңгелік билеттер ұсынады. Аукцион бағасы бойынша билетті студенттік билетті көрсеткен кезде мына кинотеатрлардан сатып алуға болады:
1. Кинопарк Есентай 11, Әл-Фараби даңғылы, 77/8
2. Kinopark 5 Premium Forum, Сейфуллина көш., 617
3. Kinopark 4 Globus, Абай даңғылы, 109в
4. Кинопарк 5 Атакент, Тимирязева көш., 42
5. Кинопарк 8 Мәскеу, 8 шағын ауданы, 37/1
6. Киноплекс Сары-Арқа, Алтынсарина көш., 24а
7. Kinoplex Almaty Mall, Жандосова к-сі, 83
8. «Спутник» кинопаркі, Мамыр-1 шағын ауданы, 8а
9. Достық Плаза кинотеатры, Самал-2 шағын ауданы, 111
10. «Арман» кинотеатры, Достық даңғылы, 104

Бұдан бөлек сауда орындарында да жеңілдіктер қарастырылған.

"Сауда-ойын сауық орталықтарында студенттер күніне арнап, ID карталарын ұсынған кезде Sputnik Mall СОО-да жеңілдіктер ұсынылады: URBO COFFE-де кофеге 50 пайыз, Coffe Shake-те барлық ассортиментке 10 пайыз, Bomond бутигінде 30 пайыз, Top Price бутигінде 20 пайыз. MEGA Alma-Ata СОО-да: MEGA Arena мұз айдыны - 30 пайыз, "Angel in us" кофеханасы 10 пайыз, Taksim фуд корты 10 пайыз, Shoq фастфуд 15 пайыз, Dodo pizza 20 пайыз, "Апельсиновый Гусь" 10 пайыз, La tartine 15 пайыз, "Алые Паруса" 10 пайыз, "Плов в коробочке" 15 пайыз. Asia Park сауда орталығында: Franko бутигі 30 пайыз, Bomond 30 пайыз, Milavista екінші затқа 50 пайыз, Rich Aroma аралында хош иістерге 50 пайыз, Coffeinik кофеханасы 30 пайыз, Mezza Luna фуд-корты негізгі мәзірге 20 пайыз, Love' ash екі адамға арналған комбинацияда 30 пайыз, "Мистер. Бургер" негізгі мәзірге 20 пайыз, "Алые Паруса" 10 пайыз. MEGA Park сауда орталығында: Dodo pizza 20 пайыз, Coffe Boom кофеге 10 пайыз, "Алые Паруса" 10 пайыз, "Плов в коробочке" 15 пайыз. Назарбаев даңғылы бойындағы "Рамстор" сауда орталығында: "Алматы оптик" 10 пайыз, Pentatonica 30-40 пайыз, White Flower 20 пайыз, Технодом 5 пайыз, Upgrade 20 пайыз, Milavitsa 10 пайыз, Joline жазғы коллекциясына 50 пайыз, Miss olee 20 пайыз, Step 40 пайыз, Sahar&vosk 10 пайыз, Viva 20 пайыз, Sarafashion 30 пайыз. "ЦУМ" сауда орталығында: ЖК оптика MADIAMI 5-10 пайыз, Empirе кәдесыйлары 20 пайыз, Eleni Viare, MoreLand 10 пайыз және т.б." - делінген хабарламда.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз