"Тамақты екі-ақ рет жасадым". Шымкентке келін болған Yenlik күйеуі мен жаңа отбасы туралы айтты

Шымкентке келін болған әнші Yenlik алғаш рет сұхбат беріп, күйеуі мен жаңа отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Негізі жұбайыммен мені продюсерім Нұржан таныстырған. Сосын олар қосылып, "Бипылдың" клипін түсіріп берген. Содан кейін таныстық. Басында дос болдық. Одан кейін ол менің "керемет екенімді" түсінді", - деді ол НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.

Yenlik келіндік өмірге әлі еті үйрене қоймағанын айтты.

"Мен сияқты кішкене кешірек, 26 жасында тұрмыс құрған қызға "Ойбай, оңай" деп айта алмаймын. Ең қиыны ерте тұру болды. Себебі ұйқымның режимін бұзып алған болатынмын, бірақ тұрып жүрмін. Тамақты негізі екі-ақ рет жасадым", - деді ол.

Әншінің сөзінше, күйеуі оның жұмысына түсіністікпен қарайды..

"Бәрін өте жақсы түсінеді. Сондықтан бақыттымын", - деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Желіде жастар арасында Yenlik деген лақап атпен танымал Еңлік Құрарбектің тұрмысқа шығып жатқан видеосы тарады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!