"Жиі өтірік айтады, ашуын ұстай алмайды". Социопатпен кездесіп жүргеніңіздің 8 белгісі

Социопатты анықтау қиын, себебі ол өзінің шынайы жүзін шебер жасыра алады. Алайда сіз мұндай адаммен кездесіп бастасаңыз, бірнеше айдың ішінде өзіңізге деген сенімділігіңіз жоғалып кетеді. Мұндай адамнан "қашу" керегін қалай түсінуге болады?

Олар табиғи тартымдылыққа ие

Әдетте, социопаттар ерекше харизмаға ие. Олар өздеріне назар аударта алады және олар жиі тартымды келеді. Көпшілік социопат мінсіз көрінеді.

Оларға өкіну тән емес

Олар ешкімді аямайды, олар басқалардың сезімдері мен эмоцияларын түсінбейді. Олар үшін тек өздері маңызды. Сондықтан да мұндай адамдарға бір нәрсе жайлы өкіну немесе ар-ұят сезімі тән емес.

"Ертегі" айтуға бейім

Социопаттар жиі өтірік айтады. Олар өздерінің жетістіктері мен еңбектерін қосып айтады, ал жағымсыз нәрселерге келгенде үндемей қалады. Өкінішке қарай, мұндай адамдар серігін өзінің "ертегісіне" көндіреді, сондықтан оны анықтау оңай болмайды.

Қалай болса да жеңуі керек

Социопаттарға эмпатия тән емес болғандықтан, олар қажет нәрсеге қол жеткізу үшін бәріне барады. Олар бір өтіріктің артынан екіншісін айтып, оған қоса сізді де соған тартуы мүмкін.

Манипуляция жасаудың шебері

Әр социопат - манипулятор. Мұндай адамдар қалай әлсіз адамды өзіне бағындыру және оны басқалар арасынан қалай табу керегін біледі. Олар адамдарды жақсы таниды және интуитивті түрде психологияны жақсы біледі.

Ешкімді жақсы көрмейді

Мұндай адамдардың отбасысы, достары болуы мүмкін, бірақ олармен бейбіт өмір сүре алмайды. Социопаттар үнемі жақындарын жанжал шығаруға итермелейді, себебі әрқашан оларды кінәлайды. Оларға бауыр басу және эмоционалды жақындық тән емес.

Бақылаусыз агрессия

Бұл адамдар жиі агрессивті келеді. Күтпеген жерден оның жағынан ашу, дөрекілік пайда болуы мүмкін. Олар мұндай жағдайларда өздерін ұстай алмайды. Сізді барлық нәрсе үшін кінәлап, агрессия көрсетіп, бір сағаттан соң өзін ештеңе болмағандай ұстауы немесе күліп отыруы мүмкін.

Ешқашан кешірім сұрамайды

Социопаттың кешірім сұрағанын ешқашан естімейсіз. Басқаның реніші олар үшін түсініксіз нәрсе. Мұндай адамдар күйзелістік жағдайларда "ең жақсы қорғаныш - шабуыл" принципін ұстанады.

Оқи отырыңыз: Өз-өзіңізге абьюзер екеніңізді көрсететін 7 белгі