Данияр Елеусінов 80 мың теңге жалақының соңына "шам алып түскендердің" әрекетіне ренжулі

Данияр Елеусінов 80 мың теңге жалақының соңына "шам алып түскендердің" әрекетіне ренжулі
Фото: olympic.kz

Белгілі спортшы Данияр Елеусінов спорт мектебіндегі дауға қатысты тағы да пікір білдірді. 80 мың теңге жалақының соңына "шам алып түскендердің" әрекетіне танымал боксшы ренжулі. Ол мұны өзіне қарсы қасақана ұйымдастырылған әрекет деп санап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Менде реніш жоқ. Реніш, әрине, менің атымды қолданғаны үшін ғана. Мәселе болған жоқ ол жерде. Жаңа команда бұрынғы команданың орынына келгісі келгендіктен болған дүние ғой. Менің атым бар болғаннан кейін соны қолданып кетті десе де болады. Бұл менің жеке пікірім. Жұмыстан шығып, ол жерде көп болған да жоқ қой. Қайтарып бердім. Көп емес, 200 миллион емес, 2 миллион теңге", - деді спортшы.

Айта кетейік, таяуда ғана Данияр Елеусіновтің Астанадағы мемлекеттік спорт мектептерінің бірінен тұрақты түрде жалақы алып келгені туралы ақпарат тараған. Кейін Олимпиада чемпионы спорт мектебінен бір жыл жартылай штаттық негізде алып келген еңбекақысын толықтай кері қайтарып, жұмыстан шығып кеткен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан