Жолды су басты: Ақтауда жылу желілерінің жарылғаны видеоға түсіп қалды

Жолды су басты: Ақтауда жылу желілерінің жарылғаны видеоға түсіп қалды
Фото: lada.kz

Ақтауда жылу желілерінде болған жарылыс видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау тұрғындары 18 және 18 а ықшамаудандары қиылысындағы жылу желілеріндегі жарылысты видеоға түсіріп алған.

Куәгерлердің айтуынша, қайнаған су тасжолды түгел басқан.

"Каспий жылу, су арнасы" МКҚК жылу желілері үзіліп қалғанын растады.

"18А ықшам ауданындағы 1, 2, 3, 4, 5, 7, 10 үйлер және 20 А шағын ауданындағы 21 үйлер ажыратылды. Инженерлік желілер Ақтау құрылыс бөліміне қарайды. Инженерлік желілер Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің балансында. Әкімдік жөндеумен кім айналысатынын шешеді, біз қосатын шығармыз. Қалай болғанда да, жылу трассасы жөнделеді, - деді коммуналдық кәсіпорын.

Куәгерлер түсірген кадрлардан ыстық судың тасжолды басып жатқанын көруге болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан