Тышқан, егеуқұйрық пен ит-құстың мекеніне айналған: Алматы облысында адамшошырлық қоқыс үйіндісі табылды

Алматы облысында заңсыз қоқыс үйінділері 10 жылдан астам уақыт көлемінде кішігірім жыра сайды жағалап, қалдықтар қалай болса солай, бейберекет төгіле берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 қарашада Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов Алматы облысы Уйғыр ауданы әкімінің орынбасары Алымжан Хусуровтың, кәсіпкер, бизнес өкілі Е. Нұрдаулетов Дардамты ауылы маңында орналасқан заңсыз қоқыс үйінділері алаңын аралап шыққан.

Заңсыз қоқыс үйінділері Шонжы - Қалжат бағытындағы республикалық маңыздағы автокөлік магистралінің 50-ші шақырымынан оңтүстік бағытка 2 шақырымнан кейін жане Дардамты ауылына апаратын жол бойына жакын шамамен ені 10 - 25 метр, узындығы 8-10 шақырымға созылып орналаскан. 10 жылдан астам уақыт көлемінде кішігірім жыра сайды жағалап, қалдықтар қалай болса солай, бейберекет төгіле берген.

Күнделікті желдің әсерінен жеңіл қалдықтар: салафан пакеттер, кағаз, пластик, әйнек ыдыстар, шүберек материалдар жазық далаға ұшып таралып, күнге шағылысып, алыстан жасанды гүлдер алқабына ұқсайды. Сонымен қатар, заңсыз қалдықтар алаңы кеміргіш тышқан, егеуқұйрық жәндіктердің, ит-құстың және ірі-қара малдардың жайылымына айналған. Атмосфералық ауаның, жер бетінің, жер қыртысының, жер асты суларының ластануына әкеп соғып, климаттың өзгеруіне, ауа температурасының көтерілуіне, неше турлі аурулардың, оның ішінде аллергия және жұқпалы аурулардың таралуына, өсімдіктер және жануарлар әлеміне кері әсерін тигізуде. Жалпы айтқанда адам өміріне және тіршілігіне қауіпті аймаққа айналған. Осындай ірі көлемдегі заңсыз қалдықтардың пайда болуына себепкер болып отырған 100 -ден астам "Ыстық-су" демалыс орындарының тұрмыс-тіршілігі. Қоқыстар түнгі уакытта тасымалданатыны анықталды.

Сонымен қатар, қызметтік сапар барысында Департамент басшысы Қонысбек Байеділов Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылының солтүстік шығысында орналасқан заңдастырылған орталық тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жағдайымен танысқан. Полигонға бөлінген 8 гектар жер телімі толып аузы-мурнынан шығып, қоршаулары қоқыстын астында қалып көміліп, көрінбей қоқыстар 12-15 гектар жерге жайылып, жанында орналасқан бейт-мүрдені және жеке тұрғын үйлердің аулаларын, атмосфералық ауаны, жер асты суларын ластап жатыр. Кеміргіш жәндіктердің, ірі қара малдардың жайылымына айналған.

Негізінен, Жергілікті атқару органдары тарапынан ҚР Экологиялық кодексі талаптарының орындалуы қамтамасыз етілмеген. Департамент басшысы аудан басшылығына қатаң ескертпе жасап, жылдамдатып іс-шара жоспарын құрып заңсыз қоқыс орындарын жоюды және тұрмыстық қатты қалдықтарды басқаруды дұрыс жолға қоюды тапсырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!