Көршісі болып шыққан: Түркістанда үйінен өрт шыққан тұрғынға көмекке полицей келген

Көршісі болып шыққан: Түркістанда үйінен өрт шыққан тұрғынға көмекке полицей келген
Фото: polisia.kz

Түркістанда үйінен өрт шыққан тұрғынға көмекке полицей келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кешкі сағат 19:00 шамасында болған. Өрт тұрғын үйіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Әйел көршілерінен көмек сұрайды. 2-3 үй ары тұратын көршісі, полиция қызметкері Ермахан Бимаханов еш ойланбастан бірден көмекке барған. Бірден өртті үдетуі мүмкін газ балонын сыртқа шығарып, өрт сөндірушілер жеткенше су шашып, өрттің алдын алған.
 
Әйел полицейге алғыс білдірді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина