Салтанат Нүкенованың өлімі: экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі қалай тергеліп жатыр?

Бүгінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишібаевтың ісін бірнеше тергеуші тергеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экс-министр әйелін өлтірді деген күдікке ілінген. Қайғылы оқиға 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында болған.

Алдымен Марат Қожаев "Қуандық Бишібаевтың ісінде неге тергеушілер ауысып жатыр?" деген сұраққа жауап берді.

"Мұндай мәлімет жариялауға жатпайды. Бірінші күні оқиға орнына кезекші тергеу тобы жіберіледі. Ертеңінде тергеу басқа маманға тапсырылуы мүмкін. Сондықтан осындай мәлімет тарап жатқан шығар... Қылмыстық істі жалғыз бір адам тергемейді, бір топ маман тергеуі мүмкін", - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министрдің орынбасары жәбірленушінің денесіне сараптама жүргізіліп жатқанын айтып қалды.

"Жалпы сот медициналық сараптамасы бір айы жүргізіледі", - деді Марат Қожаев.

Оның айтуынша, аталған дерекке байланысты бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

"Бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижесінде адамның кінәсі анықталып, ол жауапқа тартылады. Қазір сіздерге басқа мәлімет айта алмаймын. Бұл – заңның талабы", - деді министрдің орынбасары.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!