Дәрігер сүйекті қатайтуға көмектесетін ең пайдалы өнімді атады

Дәрігер сүйекті қатайтуға көмектесетін ең пайдалы өнімді атады
Фото: Freepik.com

Сүйекті қатайту үшін лизин деп аталатын аминқышқылды жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет. Бұл туралы дәрігер әрі тележүргізуші Елена Малышева "Жить здорово!" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лизин аминқышқылы коллаген мен эластиннің пайда болуына, сондай-ақ ағзаны вирустан қорғауға көмектеседі. Елена Малышеваның айтуынша, мұндай аминқышқылға ең бай өнім - тауық еті, оның 100 граммында 1,5 DV бар.

Екінші орында тунец, оның 100 грамм өнімінің құрамында лизиннің бір тәуліктік мөлшері бар. Пармезанның 100 граммында да лизиннің бір тәуліктік мөлшері бар, бірақ тунец калориясы төмен болғандықтан денсаулыққа пайдалырақ.

Офтальмолог Михаил Коновалов адам ағзасына лизин аминқышқылы бармаса, сүйекке кальций енгізуге жауап беретін ақуыз жойылатынын түсіндірді. Оның айтуынша, денеде лизин аминқышқылы жеткіліксіз болса, сүйектің сынғыштығы жоғарылап, остеопороз дамиды.

Айта кетейік, бұған дейін сүйек сорпасының пайдасы және оны қалай дайындау керек екені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ пен қалмақ арасын бітістірген би-шешен кім?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә