2024 жылы студенттердің шәкіртақысы қанша болады?

2024 жылы студенттердің шәкіртақысы қанша болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2024 жылы студенттердің шәкіртақысы қанша болатынына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген ведомство жауабында 2025 жылға дейін бакалавриат шәкіртақысын жыл сайын 20 пайызға, магистратура мен докторантура шәкіртақысын жыл сайын 15 пайызға арттыру жоспарланғаны айтылған.

Комитет өкілдері 2024 жылы шәкіртақы мөлшері мынадай болатынын түсіндірді:

  • бакалавриат - 47 135 теңге (педагогикалық бағытта 75 600 теңге);
  • магистратура - ​​107 061 теңге;
  • докторантура - ​​240 000 теңге.

Еске салайық, бұған дейін докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өсетіні хабарланды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Алтын тойға арналған құттықтау-тілектер

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова