Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны өмірге келді

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны өмірге келді
Фото: pexels.com

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны өмірге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев X-парақшасында хабарлады.

"Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді", - деп жазды Президент. 

Айта кетейік, Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны 2021 жылы 4 тамызда тіркелген болатын. Еліміздің 19 миллионыншы тұрғыны-Жәния Азаматқызы 2021 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Туа сала жұлдызы жанған Жәния Чапаев ауылының тұрғындары Азамат пен Нұргүлдің отбасындағы 4-ші бала. Көпбалалы отбасын Алматы облысының әкімі құттықтап, миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтағаны белгілі болды. 

1 қазандағы деректер бойынша, халық саны 19 967 964-ке жеткен. Оның ішінде: 

  • қала тұрғындары - 12 387 957 адам;
  • ауыл тұрғындары - 7 580 007 адам.

Ерлер – 9 750 647 адам. Әйелдер – 10 217 317 адам.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина